
Махамбет ауданында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбы аясында «QUIZ TIME» танымдық ойын өткізілді. Интеллектуалды сайысқа 35 жастан асқан 50 жастан жоғары күміс волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдардан құралған 4 топ қатысты.
Сайыс барысында қатысушыларға отбасы құндылықтары, ұлттық дәстүрлер және еріктілік қызметінің қоғамдағы орнына қатысты түрлі мазмұнды сауалдар қойылды. Бұл сауалдар олардың тек ой-өрісі мен дүниетанымын ғана емес, сонымен қатар жылдам әрі нақты жауап беру қабілетін, тапқырлығын да сынға салды.
Қоғамда отбасы институтының маңызын арттырумен қатар, азаматтық белсенділікті дамыту мақсатында өткен шарада “Q-Family” тобы жеңімпаз атанды.