
"Ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктері: диагноздың алдын алу және үй жағдайында дамуын қолдау жолдары". Осындай атаумен Құрманғазы ауданында "Құрманғазы – Туған жер", "БОЛАШАҚ К" және "Атырау. Маленькая страна" қоғамдық қорларының серіктестік орнату негізінде ерекше жоба жүзеге асты.
Ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған жобаға невролог дәрігер, реабилитолог, кинезиотерапевт, массаж және қозғалыс терапиясы мамандары қатысты.
Шара барысында 50-ге жуық баланың әрқайсысына жеке диагностика жасалып, тегін медициналық тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар, танымдық семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Онда үй жағдайында баланың дамуын қолдаудың тиімді тәсілдері, ауытқушылықтарды ерте анықтаудың жолдары және маман мен ата-ана арасындағы ашық диалог пен тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды.
Қоғамдық қорлардың серіктестік орнатуы – ортақ мақсаттарды жүзеге асырып, жарқын жобалар мен тиімді бастамаларға жол ашатын маңызды қадам. Осы ретте, біріккен серіктестік жаңа мүмкіндіктерге негіз болмақ.
Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!