Құрметті волонтерлер!

Сіздерді 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Волонтер болу жүректің қалауымен жасалатын, қайырым мен адамгершілікке негізделген ең асыл істің бірі. Ерікті түрде қоғамға пайда тигізу, қоғам өміріне жан жылуын сыйлау сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің басты өзегі.

Сіздердің жауапкершілікпен атқарған қызметтеріңіз, белсенді азаматтық көзқарастарыңыз бен мейірімге толы игі әрекеттеріңіз айналаға ерекше жылулық таратып, адамдарға үміт сыйлап келеді. Осы уақытқа дейін орталықпен бірлесіп, волонтерлік қызметтің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Сіздерге ел игілігі жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін алғыс айта отырып, шын жүректен зор денсаулық, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.