
ҚЫЗЫЛҚОҒАДА АЛҒАШ РЕТ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді.
Осы орайда, 2024 жылдың 20 тамызында Миялыда алғашқы «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының бірыңғай қайырымдылық операторы- «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды даму қорының қаржыландыруымен аудан әкімдігі мен «Миялы мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орталық заманауи құрал-жабдықтармен және ерекше азаматтарды тасымалдау үшін инватакси автокөлігімен қамтамасыз етіп отыр.
-Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы тағы бір жақсы жаңалығымен қуантып жатыр. Осы орайда, ауданынымызда азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту үшін, заманауи емдеу мекемелер көптеп салынып келеді. Бұл аудан жұртшылығының денсаулығын жақсартуға тікелей оң әсер етуде.
Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан “Қамқорлық” оңалту орталығы, мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі,-дейді жаңа заманауи ғимараттың ашылуында сөз алған аудан әкімі Қ.Әзмұханов.
Ал арнайы ашылу салтанатына келген «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды даму қорының бас директоры Альфия Адиева еліміз бойынша “Самұрық қазынаның” қайырымдылық іс-шаралары әлі де жалғасын тауып, игілікті істер жалғасын табатындығын жеткізді. Сонымен бірге, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтау лебізін білдіріп, осы нысанға мүгедектігі бар азаматтар еш қиындықсыз келсін деген ниетпке инватакси автокөлігінін сыйға тартты.
Сонымен бірге «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Асқара Мұнара да құттықтау тілегін айтса, ауданның «Кәсіпкерлік» палатасының директоры Алтынзер Баймұратова аудан кәсіпкерлері мен ел азаматтарының атынан 2 мүгедектігі бар азаматқа 100 мың теңгелік ақшалай сыйақы және 1 азаматқа электронды қоларба сыйға тартты.
«Бүгін көптен күткен қуанышты күнге жеттік. Бұл біздің бірнеше жылдан бергі қол жеткізе алмаған биігіміз еді. Себебі оңалту шаралары үшін түрлі елдер мен облыс аралап кететін едік. Тіпті кейбір тағдырластарым бара алмай жүретін. Енді міне өз ауданымызға су жаңа инватакси автокөлігі келіп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып ерекше толқынысты сәтке куә болып жатырмыз. Аудан әкіміне жеткізген өтініш-тілегіміз ескерілген күн болды. Әрқашанда бізді қолдаған, демеген атымтай азаматтарға алғысымыз шексіз,- дейді I топ мүгедектігі бар азамат Райымбек Якупов.
Нысанның лента қию рәсімін қордың бас директоры Альфия Дәулетқалиқызымен бірге I-ші топтағы ерекше жан Махамбет Серікқалиевқа ұсынылды.
Жиналған көпшілікке ризашылық лебізіндерін ерекше балалар әнмен білдіріп, шашу шашылды.
Шара соңында ғимарат жұмысы арнайы келген қонақтарға таныстырылды.
Айта кетейік, оңалту орталығында реаблитолог, массажист,психолог,лфк иструктор мамандары қызмет көрсететін болады. Аудан бойынша 1180 мүгедектігі бар жан бар.
https://www.instagram.com/p/C-7GrqPoJ5i/?img_index=1