РЫСТЫ ЖЕКСЕНБАЕВА - “ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының әлеуметтік жобалар жетекшісі Рысты Жексенбаеваны «Жыл волонтері 2025» халықаралық сыйлығының «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атануымен құттықтаймыз.

Бұл марапат - Рысты Серікқалиқызының қоғамға бағытталған жанашыр еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және волонтерлікті дамытудағы зор үлесінің лайықты бағасы.

Рысты Жексенбаеваны “Жыл волонтері” атануымен құттықтай отырып, табысты жобалар мен жарқын бастамаларыңыздың мол болуын тілейміз.