ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТУДЕ

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТУДЕ

«Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыру». Осындай атаумен «Азаматтық орталықтың» ұйымдастыруымен орталыққа қарасты аудандағы мамандарға арналған шеберлік сағаты өтті.

Шарада орталық басшысының орынбасары Фархад Карапиденов үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ұйымдарды ашу, жабу, грант жобаларын жазу бағдарлары жайы да айтылды.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Кездесу соңында басшы орынбасары әріптестерді белсенді жұмыс атқаруға шақырды.

Айта кетейік, аудандағы әріптестермен өтетін шара екі күнге созылады. Шеберлік сағатының екінші күнінде медиа және мобилография бағыты бойынша түсіндірілмек.