Тәжікстан Республикасында ТМД аймақтары мемлекетінің қатысуымен “Бейбітшілік және достық” үшін тақырыбында Халықаралық волонтерлер фестивалі өтуде.

23 мамыр күні Душанбе қаласында фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 7 мемлекет қатысып жатқан аталмыш фестивальге Қазақстан делегациясынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілі мен республикаға танымал, белсенді волонтерлік ұйым жетекшілері қатысуда. Әлемдік тәжірибе алмасу алаңына қатысушылар қатарында жерлесіміз, атыраулық волонтер, “Жаныңдамын” қоғамдық қорының жетекшісі Есниязова Мейрамгүл де бар.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлар қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы әлемдік деңгейде тәжірибе алмасып, халықаралық аренада волонтерлердің оң имиджін қалыптастыру.

Душанбеден бастау алған форум Гулистон қаласында жалғасын табатын болады. 5 күнге созылатын іс-шара аясында Қазақстан, Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан волонтерлері өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісіп, волонтерлік бағытта нетворкинг алаңында келелі мәселелер шешімін қарастыратын болады.