«ТАЛАНТТАР ШЕБЕРХАНАСЫ» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Атырау 06 Регион» қоғамдық қоры Азаматтық орталықтың “QOLDAY” облыстық конкурсы аясында «Таланттар шеберханасы» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба негізінде ерекше қажеттіліктері бар және әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы балаларға арналған инклюзивті орталық ашылып, онда оңалту шаралары жүргізіліп, білім беру бағдарламалары жүзеге асуда. Сонымен бірге, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалып, ата-аналарға кәсіби психологиялық әрі әдістемелік қолдау көрсетілуде.

Орталықтың жұмысына 8 бен 16 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалар тартылды. Бұл бастаманың басты мақсаты – олардың әлеуметке бейімделуін жеңілдетіп, қоғамға толыққанды араласуына жол ашу. Жоба көпбалалы және мұқтаж отбасыларға жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде жасалып, нақты сұраныстарға сай әзірленген.