«Тәлімгер» жобасы басталды

5 қыркүйек — халықаралық қайырымдылық күніне орай Азаматтық орталық күміс волонтерлермен бірлесе отырып «Игі істер марафоны» жобасы аясында Атырау облысының кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығындағы балаларға арналған «Тәлімгер» жобасын бастады.

Аталмыш жоба балаларды әлеуметтендіруге және өмір сүру жағдайларына бейімдеуге қосымша мүмкіндік береді. Тәлімгерлер волонтерлік тәртіпте, яғни ақысыз түрде балаларды қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетуге, әлеуметтендіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта жобаға 15 күміс волонтерды тарту жоспарлануда.