"Талшын" театрының жаңа спектаклі

29 қазан «Бізде адамбыз» қоғамдық қорының «Талшын» инклюзивті театры жобасы аясында «Күшік күйеу» спектаклі өтті.

“Талшын” театры ұжымының бұл жаңа спектаклі отбасындағы қарым-қатынас, ерлі-зайыптылардың рөлі және ұрпақ проблемалары туралы сатиралық комедия арқылы көрермендерге күлкіден көз жасына дейін эмоциялар сыйлады.

Спектакльдегі басты рөлдерді мүгедектігі бар актерлер ойнады, олар үш айдан астам уақыт бойы қойылымға дайындалған. Айта кетейік, “Талшын” театрын “біз де адамбыз” қоры “Теңізшевройл” компаниясының қолдауымен іске асыруда.

Әр туындыны тамашалар көрермендеріңіз көп болғай. Алдағы уақытта қоғамдық қорға шығармашылық табыстар тілейміз!