«ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ШАБЫТ КЕҢІСТІГІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Тыныштық пен шабыт кеңістігі». Осындай атаумен арт-терапиялық жоба өз жалғасын тапты. Азаматтық орталықтың бастамасымен өткен шара облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде ұйымдастырылды.

Аталған шараға балалар ауылының 10 тәрбиеленуші қатысты. Олар түрлі түстер мен формаларды пайдалана отырып, көңіл-күйі мен арман-мақсаттарын қағаз бетіне бейнеледі.

Жобаны «Үздік күміс волонтер» байқауының жеңімпазы Озика Гайсина жүргізді. Арт-терапия балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға бағытталды. Айта кетейік, бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.