Үкіметтік емес ұйым өкілдері экология, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларына жауапты органдардың басшыларымен кездесті. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен жүздесуге облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Саламат Амангелді, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зарина Төребаева, Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есенов қатысты.
Кездесу жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, халық арасында туындаған мәселелерді жеткізу және өзекті мәселелерді шешу мақсатында өтті.
Жиын барысында басқарма өкілдері өз саласы бойынша қатысушыларға өңірдегі жасалған жобаларды таныстырды. Сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда ұйым өкілдері қордаланған мәселелерді жауапты мамандарға жеткізіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарды қойды.