ҮЕҰ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН ФАСИЛИТАТОРЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

«Келешекке бағдар: ҮЕҰ қызметін жетілдіру бағыттары». Осындай атаумен Азаматтық орталық мекемесінің ұйымдастыруымен фасилитаторлық сессия өтті. 

2026 жылға арналған жаңа жобаларды дайындау барысында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың идеяларын талқылау, ұсыныстарын жүйелеу және олардың қызметін жетілдіру мақсатында өткен жиынға 30-дан астам үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.

Сессияны тренер-фасилитатор Нейли Төлегенова мен Алтынгүл Атабаева жүргізді. Сессия барысында ҮЕҰ өкілдері командалық жұмыс пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған практикалық жаттығуларға қатысты. Шарада идеялар мен өзекті мәселелерді анықтауға және ұсынылған идеяларды сұрыптап, басым бағыттарды айқындауға арналған тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жобаларды негіздеу жұмыстары жүргізіліп, ҮЕҰ қызметінде кездесетін кедергілерді еңсеру жолдары да қарастырылды.