Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы орган басшыларымен кездесу өтті.
Кездесуге облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев, Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов және Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Перизат Таңатова қатысты.
Аталған шара барысында 30-ға жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері өзекті мәселелер бойынша сауалдар қойып, басқарма басшыларынан нақты жауаптар алды.