ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты шара өтті. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен кешке Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, мәслихат депутаттары мен ұйым жетекшілері, барлығы 100-ден астам адам қатысты. 

Атаулы күнмен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары үкіметтік емес ұйымдардың өңір дамуына қосып жүрген үлестерінің маңыздылығын атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында орталықтың өткізген «Үздік ұйым» байқауының жеңімпаздары марапатталып, 5 ҮЕҰ-ның әрқайсысына 200 000 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің, облыс әкімінің орынбасары Дарын Дүйсенбайұлы мен облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаты табысталды.