
«DEMEY» облыстық конкурсының жеңімпазы күміс волонтер Бибігүл Молдағалиева «Үміт сәулесі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар мен олардың отбасы мүшелерінің психологиялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Эмоционалды күйзеліс пен стрессті жеңілдету, ішкі қорқынышпен жұмыс жасау, мотивацияны арттыру арқылы өмір сапасын жақсарту мақсатында өткен шара барысында онкологиялық диспансер, психологиялық орталықтар және қоғамдық ұйымдармен әріптестік байланыстар орнатылды. Бұл серіктестік жоба аяқталғаннан кейін де тұрақты түрде жалғасуына мүмкіндік береді.
Жоба аясында қатысушылар эмоционалды тұрақтылық дағдыларын меңгеріп, топтық қолдау ортасында өздерін жалғыз сезінбей, өзара түсіністік табады, сонымен қатар олардың эмоционалды саулығы жақсарып, әлеуметтік бейімделуі артады әрі қоғамда психологиялық көмектің маңыздылығы насихатталып, онкологиямен күрестің кешенді қолдауды қажет ететіні жайлы түсінік қалыптасады.
Бұл бастама – үмітке жол ашқан ізгі қадам. Алдағы уақытта осындай игі жобалардың кеңінен дамуына ықпал етіп, қоғамда жүйелі қолдау тетіктерінің орнығуына мықты негіз болмақ.