Азаматтық орталықтың «Үздік әлеуметтік жоба» конкурсы бойынша комиссия отырысы өтті. Конкурсқа 13 ҮЕҰ тарапынан15 жоба келіп түсті. Байқауға қатысқан ҮЕҰ- дар әлеуметтік жобаларын таныстырып, ұсынды.
Комиссия шешімі бойынша 6 ҮЕҰ-ның жобасы үздік деп танылды.
Олар Қазақстан Республикасының Қостанай, Өскемен қалаларына іс-тәжірибеден өтуге жолдама алды.
Жеңімпаз деп танылған үкіметтік емес ұйымдар:
1.«Тұтынушылар құқықтарын қорғау және бәсекелестікті дамыту» қоғамдық бірлестігі
2.«Мен бармын!» қоғамдық қоры
3.«Әселдің әсем әлемі» қоғамдық қоры
4.«ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қоры
5.«Жан – жылуы» қоғамдық қоры
6.«Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігі
Жеңімпаздардың жеңісімен құттықтай отырып, алдағы игі бастамасыларына сәттілік тілейміз!