Атырау облысының 35 жастан жоғары және 50 жастан асқан күміс волонтерлер арасында өтетін «Үздік күміс волонтер» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталды.
Конкурсқа қатысу үшін:
- Атырау облысында қызмет ететін волонтер (жеке тұлға) болу
- Жобаны Ережедегі №1, №2, №3 қосымша талаптарына сәйкес толтыру
- Жобаңыз туралы 5 беттен аспайтын презентация дайындау
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер gcenter.atr@gmail.com поштасына 10 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Өтініштер арнайы құрылған комиссия арқылы қаралып, жеңімпаз болған 3 волонтерлік жоба (әрқайсысына) 300 000 тг көлемінде қаржылай қолдауға ие болады.
Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтынан танысуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша
+7 (778) 860-41-43;
+7 (701) 521-54-06;