«ҮЗДІК ҰЙЫМ» КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«ҮЗДІК ҰЙЫМ» КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
 
Мақсаты: Атырау облысындағы әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жетістіктерін насихаттау және үздіктерді анықтау.
 
Конкурсқа қатыса алады:
-Атырау облысы аумағында тіркелген ҮЕҰ;
-2023 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсынған ҮЕҰ;
-Тіркелгеніне 3 жылдан аспаған ҮЕҰ.
 
Жеңімпаз атанған 5 (бес) ҮЕҰ 200 000 теңге сыйақымен марапатталады!
 
Өтінім қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 4 ақпанынан бастап 13 ақпан сағат 17:00-ге дейін
 
Өтінімді электрондық түрде  Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің поштасына ұсыну қажет: [email protected]
 
Қосымша сұрақтар бойынша:
8 701 462 97 15
8 778 253 37 93