«ҮЗДІК ҰЙЫМ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҮЗДІК ҰЙЫМ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Азаматтық орталық жариялаған «Үздік ұйым» облыстық конкурсы бойынша комиссия отырысы өтті.  Байқау барысында комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың атқарылған жұмыстарымен танысып, жетістіктері мен құжаттарын бірқатар критерийлерге сәйкес бағалады.

Өңірдегі әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан ҮЕҰ-дың жетістіктерін насихаттау, үздіктерді анықтау мақсатында өткен жобаға 14 ұйымның құжаттары сараланып, тексерілді.

Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша 5 ұйым үздік деп танылды. Олар:

- «Shyraq Education» жеке қоры

- «Жаныңдамын» қоғамдық қоры

- «Қазақия» қоғамдық қоры

- «Key Transform» қоғамдық бірлестігі

- «Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігі 

Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, алдағы игі бастамасыларына сәттілік тілейміз!