Волонтерлер және волонтерлік топтар назарына!!!

Атырау облысының әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосып жүрген 35 жастан жоғары волонтерлер мен волонтерлік топтарын көтермелеуді арттыру мақсатында «Demeý» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталды.

Конкурсқа қатысу үшін:

Атырау облысында қызмет ететін волонтер (жеке тұлға) немесе волонтерлік ұйым болу

Жобаны Ережедегі №1, №2  қосымша талаптарына сәйкес толтыру

Жобаңыз туралы 5 беттен аспайтын презентация дайындау

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер [email protected] поштасына  23 қазаннан 8 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Өтініштер арнайы құрылған коммисия арқылы қаралып, жеңімпаз болған 5 волонтерлік жобаға (әрқайсысына) 500 000 тг көлемінде қаржылай қолдауға ие болады және жоба аяқталған соң 100 000 тг сыйақы беріледі.

Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтынан танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша

+7 (778) 777 89 94, +7 (702) 824 31 98;

«Demeý» облыстық конкурсының ережесі