ВОЛОНТЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Volunteer Awards - 2025». Осындай атаумен 5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күніне орай облыстық байқаудың марапаттау кеші өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға волонтерлік ұйым жетекшілері мен еріктілер қатысты.

Шара барысында бірқатар 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары күміс волонтерлер де марапатталды. Оларға Атырау облысы әкімі орынбасарының, қала әкімі және облыстық мәслихат төрағасының алғыс хаты табысталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!