2024 жылы 20 қазанда Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен волонтерлерге арналған «Біз таңдаған жол» жобасы аясында «Позитивті импульс» тақырыбында ретро стиліндегі тимбилдинг өтті. Шараға Атырау облысы бойынша 35 жастан жоғары және 50 жастан асқан күміс волонтерлер қамтылды. Барлығы 40-қа жуық волонтерлер қатысты.
Жобаның мақсаты – волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау, волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру.
Шараға арнайы Астана қаласынан келген ЮНИСЕФ-тің және Республикалық жобалардың тренері А.Крашинина «Волонтерлік негіздер», «Этика мәселелері», «Волонтерлік топпен жұмыс дағдылары» тақырыбында оқыту жұмыстарын жүргізіп, қарым-қатынасын нығайту мақсатында сергіту ойындары өткізілді.
Сонымен қатар, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Сүйеуова сөз сойлеп, алдағы уақытта күміс волонтерлердің жұмыстарына табыс тіледі.
Шара соныңда «Азаматтық орталық» КММ-сі басшысы Ж.Досқалиева күміс волонтерлерге алғысын білдіріп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.