4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметті жерлестер!
 
Сіздерді 4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен құттықтаймыз!
 
Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігін тарих бетіне таңбалаған келешегіміздің, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтан сыр шертер айшықты белгілер. Күн астында қалықтаған қыран бейнелі көк Ту еркіндікті, халқымыздың болмыс бітімін әйгілейтін, жығылмас жігерін сипаттаса, асқақ Әнұранымыз бен Шаңырақ - Тәуелсіздігіміздің киелі құндылығы. Тәуелсіздіктің қасиетті де қастерлі тұмарына айналған рәміздерді қадірлеп, құрметтеу әрбір азаматтың борышы.
 
Еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биіктей берсін! 
Рәміздер күні құтты болсын!