БАЛА КҮННІҢ БОЯУЫ
БАЛА КҮННІҢ БОЯУЫ
«Бала күннің бояуы». Осындай атаумен Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында ерекше шара өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен жүзеге асырылатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы аясында ұйымдастырылды. 
 
Белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауды мақсат еткен жобаға өткен жылы республика бойынша 1284 өтінім түсіп, оның 30-ы қаржыландырылған. Солардың қатарында «Мәдениет» бағыты бойынша Атыраулық жас Әнел Қайырлықызы ұсынған «Күн» инклюзивті театр жобасы жеңімпаз атанды. 
 
Осы ретте,  «Мен бармын!» қоғамдық қорының күн сәулелі балаларының қатысуымен  өткен мәдени кеште күн сәулелі балалар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай сахналық көрініс көрсетіп, үнді фильмінен үзінді сахналады. Сонымен қатар, заманауи және ретро би билеп, көрерменге этно стильдегі сән көрсетілімін ұсынды.
 
Шара ұйымдастыруышысы, ерікті Әнел Маратова күн сәулелі балалардың сахнада жарқырап тұрғанын көру – үлкен қуаныш екенін жеткізді.