«BALA SPACE» КОВОРКИНГІ АШЫЛДЫ

«BALA SPACE» КОВОРКИНГІ АШЫЛДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облыстық балалар ауруханасында жаңа коворкинг аймағы ашылды.

«Bala space» жобасы «Жүректен жүрекке» қорының бастамасымен, «Шеврон» компаниясының қолдауымен және волонтерлік негізде жүзеге асты.

Жоба аясында Атырау қаласының тұрғындары 500-ге жуық кітап пен 30-дан астам үстел ойындарын жинап, коворкинг кеңістігінің толықтырылуына өз үлестерін қосты.

«Bala space» – бұл балалар мен ата-аналар үшін жайлы әрі шабыттандыратын орта. Бұл жер – тек демалуға емес, дамуға да мүмкіндік беретін ерекше кеңістік.