«БІР ҮСТЕЛДЕ - ОРТАҚ ОЙ»

«БІР ҮСТЕЛДЕ - ОРТАҚ ОЙ»

 

Азаматтық орталық ғимаратында «Бір үстелде – ортақ ой» атты еркін форматтағы кездесу өтті. Жиынға үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен орталық мамандары қатысып, өзара әріптестік ынтымақтастықты арттыру және тың жобаларды тиімді жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

 

Ортақ бастамалар төңірегінде ой бөлісу, әлеуметтік жобаларды дамытуда тәжірибе алмасуды мақсат еткен кездесуде ұйым жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жоба жазу және оларға қатысу ережелері жайында пікір алмасты. 

 

Кездесу соңында орталық басшысы Жаннат Доскалиева мұндай форматтағы басқосулардың түрлі салаларда жаңа серпін беретінін атап өтті.