«ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Құрманғазы ауданында «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған фестиваль өтті. «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты тақырыппен өткен мерекелік шара Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

 

Шарада ерекше балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атап айтсақ, ән шырқап, би билеп, сондай-ақ қолөнер мен сурет бағытында жасаған туындыларын паш етті.

 

Мерекелік кеште балаларға тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды.